АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс Израиль мен Палестинаны бейбіт келіссөзді тез арада жалғастыруға шақырды. Кондолиза Райс бұл сөзін бүгін Мысырда Таяу Шығыс сапарын бастағанда айтты. Израиль Газа секторынан зымыран ату тоқтамай қойды деп, әскери операцияларын қайта жаңғыртқан соң Палестина үкіметі келіссөзді тоқтатқан. Осы арада жүзден аса Палестина азаматы қаза тапты. Кондолиза Райс қақтығыстарға қарамастан келіссөзді қайтадан қолға алу мүмкін, келісімге жыл соңына дейін қол жеткізу мүмкін деген сенімін айтты.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV