Accessibility links

Дмитрий Медведев президент сайлауында 70 пайыздан астам дауыс алды


Ресей Орталық сайлау комиссиясы Дмитрий Медведев президент сайлауында 70 пайыздан астам дауыс алды деп ресми жариялады. Комиссия төрағасы Владимир Чуров түпкілікті қорытынды шықты, Дмитрий Медведев 70,28 пайыз жинады деді. Коммунистік партияның басшысы Геннадий Зюганов 17,72 пайыз, ұлтшылдық бағыттағы саясаткер Владимир Жириновский 9,34 пайыз алды деп жарияланды. Комиссия төрағасы Владимир Чуров дауыс беруге сайлаушылардың шамамен 70 пайызы қатынасты деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG