Accessibility links

"Газпром" Украинаға баратын газды бүгін тағы 25 пайызға қысқартады


Ресей мемлекеттік "Газпром" компаниясы Украина газ қарызы мен алдағы газ саудасы жөнінде келіссөзге бармай отыр, сондықтан газ тасымалын бүгін тағы 25 пайызға қысқартамыз деп мәлімдеді. "Газпром" Украина 600 миллион доллар қарызын өтемей отыр деп, кеше газды 25 пайызға кем берген. Бүгін Мәскеу уақыты бойынша кешкі сегізде тағы да солай істелмек. Бұл туралы компания өкілі Сергей Куприянов мәлімдеді. "Газпром" бұдан Батыс Еуропа тұтынушылары зардап шекпейді деп сендіреді. Дегенмен Украина үкіметі Ресей газ тасымалын азайта берсе Батыс Еуропа елдері зардап шегеді деп ескертті.
XS
SM
MD
LG