ВАШИНГТОН: Кеше АҚШ президенті Дж.Буш президент сайлауына Республикалық партияның атынан сенатор Джон Маккэйннің үміткер болып түсуін қолдады. Кеше ол сенатормен Ақ үйде кездесті. Дж.Маккэйн сейсенбі күні бастапқы сайлау болып өткен 4 штат – Огайо, Тексас, Вермонт және Род-Айленд штаттарында да еркін жеңіске жетті. Ал Демократиялық партияның атынан сайлауға үміткер болып түсу жолаындағы күрес-тартыс керісінше өрши түсті. Сенатор Х.Клинтон 4 штаттың үшеуінде жеңсе, ал Б.Обаманың жалғыз Вермонт штатында ғана бағы жанды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр