БРЮССЕЛЬ: Грекияның сыртқы істер министрі Дора Бакоянни бүгін Македонияның НАТО-ға қабылдануын оның атауына қатысты жанжалға байланысты қолдай алмайтынын мәлімдеді. Бұл сөзін Бакоянни НАТО-ның сыртқы істер министрлері бүгін бас қосқан Брюссельде айтты. Грекия келешекте өзінің солтүстігіндегі осы атаулас облысына таласады деген күдікпен, Македония елінің қазіргі атауына түбегейлі қарсы. Ал Македония НАТО елдері басшыларының 2-4-інші сәуір күні Бухарестте өтетін кездесуінде Албаниямен және Хорватиямен бірге Одаққа мүше болып кіруге үміттенеді. Брюссельде Грузия мен Украинаның НАТО-ға кіру мәселесі және Ауғанстан мен Косоводағы операциялары талқыланады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азиядан барғандар
Ресей түрмедегі мигранттарды Украинадағы соғысқа мәжбүрлеп жіберіп жатыр
-
Сайлау және референдум
Молдова президенті кім болатыны екінші турда анықталады
-
Азаттық толқынында
Қоғамдық қозғалыстарды құптаған Жәнібековтің идеясы өзгерді ме?