Бүгін Грузия өзінің жікшілдік бағыттағы аймағы Абхазияға қатысты Мәскеудің шешіміне наразылық таныту үшін Ресей елшісін шақыртып алды. Ресей Абхазиямен сауда-экономикалық және қаржылық тиымды алып тастаған болатын. Грузия парламентінің спикері Нино Буржанадзе Ресейдің бұл әрекетін сынға алды. Абхазия Косово сияқты халықаралық қауымдастықтан өз тәуелсіздігін мойындауды сұрамақшы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV