АҚШ президенті Джордж Буш бейсенбі күні Иерусалимдегі мектепте болған шабуылды айыптады. Буш оны “қатыгез және жантүршігерлік” шабуыл деп атады. БҰҰ бас-хатшысы Пан Ги-мун, Британия, Франция, Еуропа Одағы, Канада, Израиль мемлекеттері мен Палестина президенті Махмуд Аббас та ол шабуылды айыптап отыр. Бірақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Иерусалимдегі шабуылды айыптау жөнінде бір мәмілеге келе алмады.