Арменияның Конституциялық Соты премьер министр Серж Саркисян жеңіске жеткен елдегі президенттік сайлау қортындыларын мақұлдады. Сайлауда жеңіліп қалған президенттіктен кандидат Левон Тер-Петросян сайлау қортындыларын жоққа шығару туралы Конституциялық сотқа шағымданған еді. Оппозиция дауыс берулер кезінде бұрмалаушылықтар болды деп айтып келеді. Сот сайлауда біраз заңбұзушылықтар болғанын, бірақ олар бүкіл сайлауға әсер ете алмайтынын айтқан. Сайлау қортындысына қатысты 10 күнге созылған наразылық акциясы шерушілер мен полиция арасындағы қанды қақтығыспен аяқталған. Оның соңы Армения астанасында төтенше жағдай тәртібін енгізуге әкелген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?