Accessibility links

Алма есімді Алматылық студент Қазақстандағы баға қымбатшылығы мен азық-түлік тауарларының бағасы туралы


- Мені қазіргі таңда азық-түліктердің, тауар бағаларының қымбаттауы және керісінше, айлық жалақының аздығы толғындырады. Жұмыс істейтіндердің, соның ішінде, әсіресе, бюджеттен қаржыландырылатын мұғалім, дәрігер секілді мамандардың еңбекақысы аз, олар әлі күнге дейін осыдан 4 жыл бұрынғыдай шамада ақша алып отыр.

Былтыр парламентке сайлау өтердің алдында «Нұр Отан» партиясы елдегі айлық табысты, соның ішінде ұстаздар мен дәрігерлердің еңбекақысын көбейтуге уәде берген болатын. Содан кейін базарда азық-түлік пен өзге де тұтыну тауарларының бағасы аспандап кетті – кемінде бұрынғыдан 2 есеге қымбаттап шыға келді. Ал бірақ айлық еңбекақы сол бұрынғы қалпында қалып, халықтың аз қамтылған бөлігінің онсыз да жетісіп тұрғаны шамалы күнкөріс жағдайы одан сайын қиындай түсті.

Мысалы, былтырға дейін 30 теңгеге бір бөлке нан сатып алып келсек, енді оның бағасы 60 теңгеден. Сонымен қатар, жаңағыдай уәделердің бірінде биліктің «Нұр Отан» партиясы жалақымен қатар студенттердің алатын стипендиясының мөлшері де көтеріледі деп сендірген еді. Бірақ, естуімше, стипендия әлі көтерілген жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG