Accessibility links

Ливан президентін сайлау 16-шы рет кейінге қалтырылды


Парламенттегі бақталас партиялардың басшылары мәселе бойынша әлі келісім таппай жатыр, сондықтан парламент төрағасы Нәби Берри сайлау 11 наурызда емес, 25 наурызда өтсін деп бұйырды. Ливанның сирияшыл президенті Эмиль Лахудтың орнына жаңа президент қараша айынан бері сайланбай жатыр. Эмиль Лахудтың өкілеттігі аяқталған. Батысшыл бағыттағы үкімет "Хезболла" ұйымы бастаған оппозициямен осы мәселеде тіл табыса алмай жатыр. "Хезболланы" Сирия мен Ливан қолдайды.
XS
SM
MD
LG