Accessibility links

Арменияда төтенше жағдай тәртібі бүгін сәл жұмсарды


Ел президенті Роберт Кочарян саяси партиялардың жиналыстарына рұқсат берді, Ереванда тіркелмеген азаматтарды шығарып жіберу тоқтатылсын деді. Басқа шектеулер күшінде қалды, соның ішінде баспасөз құралдарының қызметі әлі шектеліп тұр. Арменияда төтенше жағдай тәртібі осыдан 10 күн бұрын, оппозиция демонстрациясынан кейін сегіз адам қаза тапқан соң енгізілді. Төтенше шаралар әлі 10 күн күшінде болады. Оппозиция ақпан айында президент сайлауы бұрмаланды, бас министр Серж Саркисян президент болып заңсыз сайланды дейді.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG