Accessibility links

"Файненшл таймс" газеті Қазақстан банктері несие дағдарысына тап болды дейді


Британияда шығатын "Файненшл таймс" газеті Қазақстан банк жүйесі несие қарыздарының дағдарысына тап болды деп жазады жаңа санында. Қазақстан банктері шетелге 40 миллиард доллар қарыз, оның 12 миллиард доллары былтыр төлену керек болатын. Халықаралық "Стандарт енд пуурс" агенттігі былтыр бұл жайында ескерткенде, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл тұжырым объективті емес деген. Алайда, Қазақстан үкіметі қаржы дағдарысының қаупін биыл мойындады, кейбір ірі банктерді құтқару мақсатында Ұлттық қор мен Ұлттық банктің 40 миллиард долларын жұмсамақ. Дегенмен, бұл шара жеткіліксіз болуы мүмкін, дейді "Файненшл таймс" газеті.
XS
SM
MD
LG