Президент Джордж Буш АҚШ Польша қарулы күштерін жетілдіруге көмектесетін болады деп мәлімдеді. Бұл АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесінің бір бөліктерін Польшада орналастыру жоспарына орай жасалмақ, дейді Буш. Бұл туралы ол Польша премьер-министрі Дональд Тускпен Ақ Үйде жүргізген келіссөзінен кейін хабарлады. Польша үкіметі егер АҚШ 10 зымыран жойғышын Польшада орналастырғысы келсе, Вашингтон Варшаваға әскери көмегін көбейтуі тиіс дейді. АҚШ-тың Польша мен Чехияда зымыраннан қорғаныс жүйесін орналастыру жоспарына Ресей қарсылық танытып келеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV