Accessibility links

Гаагада Хорватияның бұрынғы генералдарына қарсы сот процесі басталды


Бұрынғы Хорватия генералы Анти Готовина бүгін Гаага халықаралық соты алдында жауапқа тартылды. Генералға 1995 жылы Хорватияның Краина аймағында серб тұрғындарын өлтіріп, оларға қарсы қатыгездік әрекеттерге барған деген айып тағылып отыр. Готовинамен бірге бұрынғы генералдар Иван Чермак пен Младен Маркачқа да 150-ден астам серб тұрғынын өлтіру операциясын ұйымдастырды деген айып тағылды. Бұл генералдардың ешқайсысы да өздеріне тағылған айыптарды мойындарына алмай отыр, егер олардың айыптары дәлелденетін болса, өмірлік мерзімге түрме жазасына кесілуі ықтимал.
XS
SM
MD
LG