Жарылыстың екеуі де бүгін болған. Жергілікті полиция жетекшісі Чаудри Мансур Ахмедтің айтуынша, алғашқы жарылысты жасаушылар Федералдық барлау агенттігінің ғимаратын нысанаға алып, ол шабуылда 21 адам өлген. Полиция тергеушісі жарылысты жасаған жанкешті болуы мүмкін дейді. Ал екінші жарылыс қаланың дәулетті адамдар тұратын аймағындағы жарнама агенттігінің үйін көздеген екен, онда 4 кісі мерт болған.