Accessibility links

БҰҰ Қабул елді тұрақтандыру үшін көп жұмыс жасау керек деді


БҰҰ-ның Ауғаныстанғы арнайы өкілі Қабул үкіметін елді тұрақтандыруда көбірек жауапкершілікті алуға шақырды. Норвегиялық дипломат Кай Эйде Нью-Йорктегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде айтқанында, халықаралық азаматтар мен әскерилер Ауған президенті Хамид Қарзай үкіметіне жақсырақ қолдау танытса деген тілек айтты.

“Менің пікірімше, Ауғаныстандағы процесс әзірге тек жартылай ғана орындалды. Және біз бұл олардың мемлекеті екенін түсініп, олар өздері тұратын болғандықтан халықтың өзі оның дамуын бағыттай алса, біз оны қолдаймыз ”, - деген ол.

Сонымен қатар, онда БҰҰ-ның Бітімгершілік күштер генералы халықаралық қауымдастық пен Ауғандық әріптестер арасындағы жетпей жатқан үйлестіру үшін жартылай жауапкершілікті БҰҰ алып отыр деген.
XS
SM
MD
LG