Accessibility links

Журналист Абай Мауқараұлы Алматыдағы көше атауы жайында ойымен бөліседі


Күнделікті қолданыстағы тіліміздің өзі әлі орысша, әлі сол ескіше күйде. Мысалы, Алматы қаласындағы орталық көшелердің аттары ауысқанына 15 жылдан астам уақыт өтті. Алматыдағы ең ұзын көшелердің біріне саналатын Төле би көшесімен жүретін автобус не троллейбус көліктерінің біріне мінсеңіз билет сатушы кондуктордың бәрі «Төле би көшесі» демейді, ескіше «Комсомольская» деген атауымен атайды.

Бұл қалай деп сұрасаң, тек иығын қиқаң еткізеді. Ал осы Төле би көшесімен қатар жатқан «Бөгенбай», «Қабанбай», «Қазыбек би», «Әйтеке би» секілді көшелерді де қазақша атауымен емес, бұрынғыша «Калинин», «Киров», «Советская» деген секілді атауларымен атайды.

Ал тіпті бүкіл қазақ халқы тұрмақ, басқа ұлт өкілдері жақсы білетін Шәмші Қалдаяқовтың атындағы көше бар. Оны да ешкім қазақша осы атауымен айтпайды, сол бұрынғыша «8-март» көшесі дейді.

Көлік жүргізушісі осылай деп айқайлап айтып жатса көліктегі ешікім де бұл қалай деп сұрамайды, сірә, бойлары үйреніп кеткендіктен болар деп ойлаймын. Көшелердің бұрыштарында бұл қазақша аттары баяғыда жазылып, оған қыруар қаржы жұмсалғанына қарамастан әлі сол бұрынғыша орысша аттарымен айтып жүрміз.

Бұл - өте қауіпті нәрсе. Бұл кез-келген адамның иіс қоңысы бар жерге үйреніп кеткені секілді ең жаман нәрсе болмақ.

Мысалы, көшеде екі адам бір нәрсеге келісе алмай өзара төбелесіп, бұзақылық жасап жатса бұл қылмыс болады да, ал көшелердің қазақша аты бадырайып тұрып жазылып тұрса да оны солай атамай басқа атаумен айту қылмыс емес болады. Сонда қалай? Бұл қылмыс болғанда қылмыстың үлкені болмақ.

Мемлекеттік тілді әрбір қазақстандық үйрену үшн оны құр айқаймен не ұранмен үйренбейді, ең бастысы - осындай көзге байқала бермесе де, онша елеусіз секілді көрінгенімен, мәнісі үлкен, зор нәрселерден бастаған дұрыс болмақ. Сондықтан әрбір қазақ әуелі қоғамдық көлікке мінген кезде өзінің ана тілі қаншалықты құрметтеліп жатыр дегенге баса назар аударатын кез келді деп білемін. Соған ат салысайық ағайын демекпін.
XS
SM
MD
LG