ЖЕНЕВА: Бүгін Женевада АҚШ пен Солтүстік Кореяның ресми өкілдері Коммунистік Кореяның ядролық қару бағдарламасы мәселесі бойынша келіссөзін жалғастырады. Кеше АҚШ делегациясының жетекшісі К.Хилл осы проблеманы Солтүстік Кореяның өкілі Ким Ке-Гуанмен талдау барысында бірқатар ілгерілеудің болғанын мәлімдеді. Сонымен бірге К.Хилл Қытай, Ресей, АҚШ, Жапония және 2 Кореяның қатысуымен 6 жақты келіссөздің кезекті сатысын бастаудың алдында қосымша кеңестер өткізудің қажеттігін атап көрсетті.