АҚШ сыртқы істер министрі Кондолиза Райс пен қорғаныс министрі Роберт Гейтс бүгін Мәскеуде ресейлік әріптестерімен кездеспек. Тараптар зымырандардан қорғану мәселесін, қару-жарақты таратпау және терроризмге қарсы күрес мәселелерін талқыламақ. Америка Құрама Штаттары Польша мен Чехияда зымырандардан қорғану бекеттерін орнатпақ. Ресей бұған қарсы, бұл жүйе Ресейге қарсы бағытталған дейді. АҚШ болса Иран сияқты елдер болашақта зымыран шабуылын жасауы мүмкін, бұл жүйе соған тойтарыс беру үшін қажет дейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?