Accessibility links

Америкалық доллар еуроға қарағанда бүгін тағы арзандай түсті


Азия қаржы биржаларында бір еуроның құны 1 доллар 58 центке жетті. Жапон иенасы да долларға шыққанда қымбаттай түсті, соңғы рет мұндай жағдай 12 жыл бұрын болған. Мұның себебі – Америка Құрама Штаттарының экономикасы бәсеңдей түсті деген алаңдаушылық ұлғайды. АҚШ орталық банкісі рецессияны тоқтату мақсатында несие пайызын үш жарым пайыздан 3,25 пайызға дейін түсірді.
XS
SM
MD
LG