Accessibility links

Иран парламентінің көпшілігін консерваторлар құрайды


Жұма күні өткен сайлаудың нәтижесінде консерваторлар тағы да көпшілік орынды алды. Реформашыл депутаттардың саны ескі парламентке қарағанда сәл көбейді. Дауыс беруге сайлаушылардың шамамен 60 пайызы келді, Иран жоғары рухани көсемі аятолла Әли Хамейни Иран халқы Батыс елдерімен қарым-қатынас қиындап тұрған кезеңде ұлттық бірлігін танытты дейді. Еуропа Одағы Ирандағы парламент сайлауы еркін және әділ болған жоқ, көптеген реформашыл кандидат науқаннан алыстатылды деп көрсетеді.
XS
SM
MD
LG