Accessibility links

Далай Лама халықаралық қауымдастықтан араша сұрайды


Тибет рухани жетекшісі, қуғында жүрген Далай Лама халықаралық қауымдастыққа қайырылып, Тибет астанасы Лхасада наразылық шеруінің күшпен басылғанына араласуға шақырды. Лхаса қаласында жұма күні Қытай билігіне қарсы наразылық шарасы өтті, адам шығыны болды. Тибеттің қуғындағы үкіметі кемінде 80 адам қаза тапты дейді, Қытай үкімет орындары 10 адам қаза тапты дейді. Далай Лама оқиғаның мән-жайын зерттеуге шақырды. Далай Лама Қытай үкіметі Тибетте "террор билігін" орнатты, Тибет "мәдени геноцидке" тап болды дейді.
XS
SM
MD
LG