Accessibility links

БҰҰ Косоводағы қақтығыстарға қатысты Сербия ресмилерін айыптады


БҰҰ украиналық полиция қызметкері қаза тапқан және бірқатар адам жарақаттанған Косоводағы қақтығыстармен байланысы бар деп Сербия ресмилеріне айып тағып отыр. Косоводағы БҰҰ әкімшілігі басшысының орынбасары Ларри Россон 17 наурыз күні Косовоның Митровица қаласында болған қақтығыстардың басқарылғандығы анық деп айтқан. Ол Сербия Косово сербтеріне мұндай қақтығыс, шабуылдарға жол бермеуге болатын ықпалын пайдаланбады деп атап көрсеткен.
XS
SM
MD
LG