Accessibility links

Ауған ресмилері АҚШ жасақтарының шабуылында 6 бейбіт тұрғын қаза тапты деп мәлімдеді


Провинция жетекшілерінің айтуынша, мерт болғандардың қатарында екі бала мен бір әйел болған. Провинция губернаторының өкілі Хибар Паштун американдық жасақтардың рейді Хост провинциясының Мадер Шахкот ауданындағы ауылда болғандығын айтқан. АҚШ әскерилері болса арнайы операцияларда Талибан бүлікшілері нысанаға алынған болатын деген мәлімдеме жасап, қаза тапқан әйел мен балалардың мәйіті өлтірілген талиптер жасырынған үйден табылды деп айтқан.
XS
SM
MD
LG