Accessibility links

Сергей Лавров АҚШ үкіметінен ұсыныс түскенін айтты


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Америка Құрама Штаттары Еуропада құрылатын зымыраннан қорғану жүйесінің қызметіне жан-жақты мониторинг жасау жөнінде ұсыныс кіргізді деп мәлімдеді. Сергей Лавров бұл сөзін "Известия" газетінде жарияланған сұхбатында айтты. Сергей Лавровтың айтуына қарағанда, АҚШ үкіметі Чехия мен Польшада құрылмақ қорғаныс бекеттері Ресейге қарсы бағытталмаған деп сендіргісі келеді, сол мақсатта инспекторлар тексеруіне де, техникалық тексеруге де жол ашып отыр деді. Сергей Лавров Америка Құрама Штаттарының бұл ұсынысы Ресей үкіметінің алаңдаушылығын басуға жеткілікті ме, жоқ па – айтпады.
XS
SM
MD
LG