Accessibility links

Далай Лама әлем жетекшілеріне қайырылып, Тибет дауын шешу мақсатында Қытаймен сөйлесуге шақырды


Қуғында жүрген Тибеттің рухани жетекшісі Далай Лама Қытай үкіметі Тибет ереуілшілеріне қатысты сабырлық танытса жөн деді. Қытай басшылары болса бүлікті Далай Лама ұйымдастырды деген сөзінен қайтпай отыр. Тибет Коммунистік партиясының хатшысы Жаң Куингли Тибет болашағы үшін Далай Ламаға қарсы біржолата күреске көштік дейді. Тибеттің шеттегі үкіметі өткен аптадан бері қақтығыстарда 100 шақты адам қаза тапты дейді. Қытай үіметі бүлік салдарынан 13 адам өлді дейді. Бұл мәліметтерді тәуелсіз бұлақтардан дәйектеу мүмкін болмай отыр.
XS
SM
MD
LG