Армения астанасы Еревандағы төтенше жағдай тәртібі ресми түрде аяқталды. Наурыздың 1-інде президенттік сайлау қортындысына наразылық танытушылар мен полиция арасындағы қақтығыстан кейін енгізілген төтенше тәртіпке бүгін 20 күн болды. Ол қақтығыста жеті азамат пен бір полиция қызметкері қаза тапқан. Хабарларға қарағанда, билік бұл көтеріліске қатысы бар 100-ден аса адамды қамауға алған. Ақпанның 19-да өткен президенттік сайлауда оппозициялық кандидат Левон Тер Петросян аз дауыс жинап, премьер министр Серж Саркисян жеңіске жеткен болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Сарапшымен сұхбат
Газадағы соғыс Орталық Азияның қауіпсіздігіне қалай әсер етеді?
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?