Полицияның хабарлауынша, НАТО әскерлері өткен түнде ауған полициясына оқ шашып, бір полиция қызметкерін өлтіріп, екіншісін жаралаған. Ол түсінбестік жағдайда орын алған болуы мүмкін деп айтылуда. НАТО күштері бұл оқиға оңтүстіктегі Лашкар Гах қаласында орын алғанын айтып отыр.