Accessibility links

Еуропарламент президенті Бейжин олимпиадасына байкот жариялау дұрыс болар деді


Еуропалық парламент төрағасы Ханс Герт Поттеринг, егер Қытай Тибеттің рухани жетекшісі Далай Ламамен келіссөз өткізуден бас тартса, Бейжиннің жазғы олимпиадалық ойындарына байкот жариялау дұрыс қадам болар еді деп мәлімдеді. Германиялық басылымға берген сұхбатында Поттеринг, Тибеттегі толқуларға байланысты тез арада келіссөздер бастау қажеттігін атап өткен. Яғни, Бейжин Далай Ламамен келіссөздерге келу керек, егер олай болмаса байкот жариялау орынды болатынына тоқталды. Поттеринг сондай-ақ, Еуропа Одағының елдерін бірауыздан Тибеттегі адам құқығы жағдайына назар аударуға шақырды.
XS
SM
MD
LG