Accessibility links

Пәкістанның жаңа премьер-министрі президенттің жарлықтарын бұза бастады


ИСЛАМАБАД: Бүгін Пәкістанда қастандықтан қаза тапқан оппозиция серкелерінің бірі Б.Бхуттоның бұрынғы көмекшісі болған Юсуф Раза Гилани жаңа премьер-министр ретінде ант берді. Ант беру салтанаты президент П.Мушаррафтың қатысуымен Исламабадта болып өтті. Гиланиді үкімет басына оппозиция өкілдері басым дауысқа ие болған парламент көпшілік дауыспен сайлады. Жаңа премьер-министр П.Мушаррафтың жарлығымен өткен қараша айында орнатылған төтенше жағдай кезінде қамауға алынған немесе үйінде қамалып отырған Жоғарғы сот мүшелерін босатуға нұсқау берді.
XS
SM
MD
LG