МӘСКЕУ: Ресейдің жаңа сайланған президенті Д.Медведев Грузия мен Украинаның НАТО-ға қабылдануы Еуропадағы қауіпсіздік жүйесінің негізін бұзады деп бағалап, оған қарсы екенін мәлімдеді. “Financial Times” газетіне берген сұхбатында Ресейдің жаңа сайланған лидері өзі кірмейтін қайсыбір әскери одақтың өз шекарасына жақын тұрғанын бірде-бір мемлекет қаламайды деп атап көрсетті. НАТО елдері басшыларының алдағы аптада Бухарестте өтетін саммитінде Солтүстікатлантикалық одақ пен Грузияның және Украинаның тығыз ынтымақтасуы туралы мәселені талқылау жоспарланып отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Бір қадам алға, екі адым кейін
Kaspi.kz ақша аударымына салық салу. Билік ескі мәселені қайта көтерді
-
Ақорданың сөзі мен ісі
"Бәрін Назарбаев шешіп отыр". Белсенділер Тоқаевтың саяси реформасына сенбейді
AzattyqTV