ИСЛАМАБАД: Бүгін Пәкістанның жаңа үкіметімен келіссөз өткізу үшін Пәкістанға АҚШ-тың жоғары лауазымды 2 дипломаты келді. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының орынбасары Дж.Негропонте мен мемлекеттік хатшының Оңтүстік Азия істері бойынша орынбасары Р.Баучер Исламабадқа жаңа коалициялық үкіметтің төрағасы болып Юсуф Раза Гилани сайланған кезде табан тіреп отыр. Пәкістанның жаңа үкіметі – халықаралық терроризмге қарсы күресте АҚШ-тың одақтасы болып табылатын президент П.Мушаррафтың саяси қарсыластарымен жасақталды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы