Енді бірер күннен кейін, яғни сәуірдің 1-інен бастап Қазақстанда электр қуатының тарифтері, коммуналдық төлем бағалары қымбаттайды деп алдын ала айтылып жатыр. Енді кеше ғана теледидардан көрдік, мына Маңғыстауда нанның бағасы қайта қымбаттаған, яғни азық-түлік бағалары жаппай көтеріле бастады. Бұл инфляцияға байланысты болып отыр.
Ал үкімет болса осы инфляцияға қарсы, оның деңгейін түсіруге қатысты ешқандай іс-шара істемей отырғаны қайран қалдырады. Олардың айтатындары: бұл нарықтық экономиканың болуға тиісті бір құбылыстары болмақ, оған қарсы күресудің қажеті жоқ дейді. Бұл - өте қате түсінік дер едім.
Өйткені, АҚШ болсын, Батыс Еуропаның басқадай дамыған елдері болсын инфляция деңгейі жарты пайыздан сәл көтерілсе ел болып, қоғам болып шу ете қалады, ал үкімет дереу оны тоқтатудың іс-шараларын жүргізеді.
Ал бізде керісінше, шындықты айтудың орнына инфляция дейгейін төмендетіп, ондай үлкен дағдарыс жоқ, ел экономикасы тұрақты деп басшылар халықты алдаусыратқылары келеді. Ол онсыз да негізгі тұтыну бұйымдары және азық-түлік бағаларының күн сайын жоғарылап өсіп бара жатқандығын қара халық білмейді, емес жақсы біліп отыр.
Бұл ең алдымен қазақ халқы ең көп шоғырланған ауылдық жерлер мен аудандық елді мекендерде байқалуда. Өткен жылдан бергі қымбатшылыққа қарсы үкімет әлі дәрменсіздік танытып отыр. Енді электр энергиясы тағы да қымбаттаса, онда барлық зат, азық-түлік бағалары қымбаттайды деген сөз.
Сонда халық қалай күн көріп, тіршілік етпекші? Бұған жауапты үкімет беруі керек деп ойлаймын. Ал үкімет басында, билікте отырған шекнеуніктердің көбі халықтың қалай тіршілік етеуімен басы ауырып отырған жоқ, өйткені олардың өздерінің жағдайлары жақсы.
Егер де мемлекет қазірден бастап осы қымбатшылық пен дағдарысқа қарсы пәрменді іс-шаралар алып, жұмыс жасамаса онда бұл қоғамда үлкен жарылысқа алып келуі әбден мүмкін демекпін.