Accessibility links

Бүгін Грузия делегациясы Бельгияда НАТО жетекшілерімен келіссөз өткізеді


Бүгін Грузия сыртқы істер министрі Дэвид Бакрадзе бастаған делегация НАТО жетекшілермен келіссөздер өткізу үшін Бельгияға келді. Онда грузиялықтар НАТО бас хатшысы Яап де Хуп Схефермен кездесетіні хабарланды. Бұл кездесу Ресейдің жаңа сайланған президенті Дмитрий Медведев Грузия мен Украинаның НАТО-ға мүше болу мүмкіндігі Еуропалық қауіпсіздіктің бар құрылымына қауіп төндіреді деп ескерткен соң болайын деп отыр. НАТО-ға мүше елдер Грузия мен Украинамен байланыстарын алдағы аптада Румынияда талқылайтын болады.
XS
SM
MD
LG