Еурокомиссияның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Адриан Ван Дер Меерд Қазақстан үкіметі тарапынан елде босқындар туралы ұлттық заң жасауға жұмыс тобы құрылады деп уәде берілген.
- Заңды талқылау биыл басталады деп күтеміз. Үкіметке заңды бекіту үшін уақыт керек және заң 2009 жылы қабылдануы мүмкін, - дейді ол.
Кейбір бақылаушылар босқындар мәселесінде әлі реттелмеген, бір-біріне қарама-қайшы жайттар барын атайды. Мысалы, Минск конвенциясына сәйкес ТМД азаматтары өзге республика территориясында босқын деп есептелмейді. Ал бұл Женева конвенциясының талаптарына қайшы.
Қазақстан президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Сағынбек Тұрсынов бұл мәселе болашақта шешімін табатынын, босқындар туралы заң биыл парламентте қаралатынын айтады.
Қазақстандағы босқын мәртебесін ала алмай жүрген кейбір адамдардың айтуынша, бюрократия кесірінен Қазақстанда билік органдары босқындарды халықаралық қорғауды қажет ететін адамдар деп емес, заңсыз мигранттар деп есептейді. Ал ондайларды Қазақстан ел аумағынан мәжбүрлеп шығарып жібереді.
Еурокомиссия өкілі Ван Дер Меер Қазақстан үкіметі Түркменстан мен Қырғызстандағыдай босқындарды уақытша қабылдайтын орталықтар ашуға ниет білдірген дейді. Оның айтуынша, бұл орталықтар босқындарды тіркеп құжат рәсімдеуге көмектеседі және уақытша 1-2 күнге баспана береді.
- Елдегі босқындар саны көп емес, сондықтан Қазақстан сияқты мемлекетке бұл ауыртпашылық жасамайды, - дейді ол.
Бірақ, Қазақстанға халықаралық талаптарға сай келетін, мигрант пен босқынды айыратын «Босқын туралы» заң керек дейді халықаралық сарапшылар.
Қазақстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше 2007 жылы елге 2 миллион шетелдік келген. Олардың басым бөлігі Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей азаматтары. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы Комиссарының Қазақстандағы басқарма басшысы Сезар Дюбонның айтуынша, экономикалық немесе өз басының жеке себептерімен өз елінен кететін адам мигрант деп есептеледі.
- Біз миллиондаған адамдар Қазақстанға дәл осы себептермен кіретіндігін түсінеміз. Біз оларды босқын деп есептемейміз, - дейді ол.
Дюбонның айтуынша, босқын туралы халықаралық конвенцияда жазылғандай, әдетте босқын мәртебесі саяси себептермен өз елінен кетуге мәжбүр болған адамдарға беріледі. Және ондайлар қатарына діни, нәсілдік көзқарастырына байланысты бірнеше рет қысым көріп қуғындауға ұшыраған адамдар жатады.
- Тіпті толық құжаттары жоқ босқындар босқын деп есептелу керек, - дейді ол.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы Комиссариатының мәліметінше, Қазақстанға қазір жыл сайын 200-300 мың босқын келеді. Олардың ішінде ауған, өзбек және шешен азаматтары басым. Осы уақытқа дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы Комиссариаты мен Қазақстан үкіметі арасында шешендерге өз елдерінде жағдай тұрақтамайынша Қазақстанда тұруға рұқсат беру жөнінде келісім жасалған.
Комиссариат туған жерлерін тастауға мәжбүр болған адамдарға арнайы куәлік берген. Бірақ, жергілікті полиция бұл құжатты менсіне бермейді дейді бақылаушылар.