Accessibility links

Ирақ премьер министрі шиит жауынгерлеріне берілген уақытты созды


Ирақ премьер министрі Нури әл Мәлики шиит жауынгерлеріне қаруларын тастауға берілген уақытты 10 күнге созды. Әл Мәлики Ақпанның 8-іне дейін қаруларын тастаған жауынгерлерге қаржылай сыйлық беріледі деген. Ирақ қауіпсіздік күштерінің сейсенбі күні ішінде радикалды шиит жетекшісі Муқтада әл Садрдың Мехди армиясы бар шиит жауынгерлеріне қарсы операциясын бастағаннан бері 130-дан аса адам өлді.
XS
SM
MD
LG