Accessibility links

Еуро Одақ сыртқы істер министрлері кездесуде


Бүгін Еуропа Одағының 27 елінің сыртқы істер министрлері Словенияда екі күндік кездесуін бастады. Онда күн тәртібінде Балқан мәселесі қаралады деп күтілуде. Сыртқы істер министрлері келіссөздерін Сербия сыртқы істер министрі Вук Иеремичпен бастады. Еуро Одақтың кеңею жөніндегі басшысы бұл кездесу Сербияның одаққа нақты мүше болуы мүмкіндігін көрсетеді әрі Белградтың оқшауланудан гөрі Еуропа Одағымен бірге қалуды таңдауына көндіру болады деген. Белградпен байланыстар Косово тәуелсіздігін Еуро Одақтың көп елдері мойындағаннан кейін нашарлап кеткен. Және бұл кездесуде Қытайдың Тибет көтерілісшілерін басып тастағанына байланысты жазғы Бейжин олимпиадасына байланысты талқылаулар болмақ.
XS
SM
MD
LG