Бүгін Ирақтың басты қалалары Бағдад пен Басрада қауіпсіздік күштері мен шиит жауынгерлері арасындағы қақтығысқа байланысты коменданттық тәртіп орнап тұр. Бағдадтағы үшінші күнге созылған бұл тәртіп Ирақтың және АҚШ бастаған күштердің радикалды шиит жетекшісі Моқтада әл Садрдың жауынгерлерімен шайқасынан кейін енгізілген. Сенбі күні әл Садр өз жасақтарына премьер министр Нури әл Мәликидің қаруларын тастау жөніндегі талабын қабылдамауға нұсқау берді.
«Біз әл Қаида туралы айтамыз. Өкінішке қарай, біздің арамызда әл Қаидадан жаман біреулер бар. Әл Қаида бейкүнә адамдарды өлтіріп, ғимараттарды қиратса, олар да дәл соны жасайды. Әл Қаида саяси процестті құртқысы келеді және олар да осындай нәрсе жасағысы келеді», - деді бүгін Ирақ үкімет басшысы.
Ирақ күштерінің Мехди Армиясының бақылауындағы оңтүстікті алу мақсатындағы шабуылы кезінде 130-дан аса адам қаза болды.