Accessibility links

Түркиядағы билік басындағы партияның тағдырын Конституциялық сот шешеді


АНКАРА: Бүгін Түркияның Конституциялық соты билік басындағы партияны тарату туралы мәселені өзінің қарауына қабылдау не қабылдамау мәселесін шешеді. Прокуратураның жоғары лауазымды өкілі исламшыл Әділет және даму партиясын зайырлы мемлекеттік құрылымға қарсы әрекет жасады деп айыптады. Ол сонымен қатар аталған партияның көрнекті 70 мүшесіне, оның ішінде түрік президенті А.Гүлге, премьер-министр Р.Т.Эрдоганға 5 жыл бойы саясатпен шұғылдануға тыйым салуды талап етті. Өзіне дейінгі талай исламшыл партияға тыйым салынған Әділет және даму партиясы әлгіндей айыптарды мойындамайды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG