Accessibility links

Иранмен арада жер дауы бар Араб Әмірліктерін барлық араб елі қолдап отыр


ДАМАСК: Араб елдерінің басшылары Сирияның астанасы – Дамаск қаласындағы саммитінде Ливандағы саяси күштерді елдегі саяси дағдарысты ауыздықтап, жаңа президентті сайлау үшін өзара ортақ тіл табуға шақырды. Қорытынды Қарардың жобасында барлық саяси партияның қатысуымен Ливанда ұлттық бірлік үкіметін жасақтау қажеттігі айтылады. Сонымен қатар араб елдерінің басшылары Иранмен арада жер дауы бар Біріккен Араб Әмірліктерін қолдап шықты. 22 араб елі басшыларының қорытынды Декларациясы Әмірліктерді Парсы шығанағындағы Иранның бақылауына қарайтын 3 аралды өз меншілігіне заңды да бейбіт жолмен қайтаруға шақырады. Алайда ресми Теһран әлгі аралдарды Иранның бөлінуге жатпайтын құрамдас бөлігі деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG