Accessibility links

Ауғанстанда қаза тапқан және жараланған голланд жауынгерлерінің қатары да өсіп келеді


КАБУЛ: Ауғанстандағы НАТО-ның басқаруына қарайтын халықаралық күштердің құрамындағы 3 голландиялық жауынгер кеше автокөлігімен Тарин Ковт қаласының маңында қолдан жасалған минаға жарылып, ауруханаға түсті. Голландияның қорғаныс министрлігі бір аяғынан айрылған жауынгердің ауыр халде жатқанын хабарлады. Амстердамда Голландияның қаржы министрі Эймерт ван Мидделькуп мәлімдегендей, голланд жауынгерлері өздеріне Ауғанстанда жүктелген міндеттерін атқара береді. Қазір Ауғанстанда Голландияның 1650 жауынгерлік әскер бар.
XS
SM
MD
LG