Accessibility links

Бухарестке барудың алдында АҚШ президенті 2 күн Киевке аялдайды


КИЕВ: Бүгін АҚШ президенті Дж.Буш 2 күндік мемлекеттік сапармен Киевке келуге тиіс. Украина президентімен арадағы келіссөзі барысында Дж.Буш Украинаның НАТО-ға қосылу мақсатына қолдау білдірмекші. Киевтің ол мақсатына ресми Мәскеу және, қоғамдық сауалнамаға сәйкес, Украинаның шығысы мен оңтүстігінде тұратын этникалық орыстардың көпшілігі қарсы. Киевтен кейін АҚШ президенті НАТО елдері басшыларының 2-4-інші сәуір күндері Бухарестте өтетін саммитіне барады. Бухарестке Украина президенті В.Ющенко да баруға тиіс.
XS
SM
MD
LG