КИЕВ: Киевке 2 күндік сапармен кеше келген АҚШ президенті Дж.Буш Украина лидері В.Ющенкомен және премьер-министр Ю.Тимошенкомен бүгін өткізетін келіссөзінің барысында Украинаның НАТО-ға қосылуын қолдамақшы. Қоғамдық сауалнама көрсетіп бергендей, украин халқының басым көпшілігі НАТО-ға кіруге қарсы. НАТО-ға кіруіне қарсы бүгін Киев көшелеріне мыңдаған адам шығатын тәрізді. НАТО-ның өз шекарасына тым жақындауынан Ресей де сескенеді. Украина мен Грузияның НАТО-ға кіруінің басты шарты болып табылатын “Іс-қимыл жоспары” Солтүстікатлантикалық альянстың 2-4-інші сәуірде Румынияда өтетін саммитінде талданады. Саммитке НАТО басшыларымен бірге В.Ющенко да қатысады. Ал “Бухарест саммиті” мен Солтүстікатлантикалық әріптестіктің Кеңесіне Қазақстаннан қорғаныс министрі Д.Ахметов бастаған делегациясы барады. Ол туралы кеше сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Е.Ашықбаев хабарлады.