Accessibility links

Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөздің тағдыры Мәскеуде шешілуі мүмкін


НЬЮ-ЙОРК: Ресейдің БҰҰ-ындағы елшісі В.Чуркин осы жазда Мәскеуде өтетін “Таяу Шығыс конференциясы” Израиль мен Палестинаның жыл соңына дейін өзара бейбіт бітімге жету ұмтылысына дем беруі мүмкін деп мәлімдеді. Палестинаның БҰҰ-ындағы бақылаушысы Рийад Мансур бейбіт келіссөзді жалғастыру үшін “Мәскеу конференциясын “өте қажетті де шұғыл” шара деп атады. Ол маусым айына белгіленген осы кездесудің біраз талқыланғанын хабарлады. Ал Израильдің Ұлттар Ұйымындағы елшісі “Мәскеу конференциясы” туралы ләм-мим деп ауыз ашпады.
XS
SM
MD
LG