Accessibility links

Кремль Сочиде В.Путин мен Дж.Буш екі жақты қарым-қатынас туралы келісімге қол қояды деп сенеді


МӘСКЕУ: Ресми Мәскеу Ресей мен АҚШ лидерлері осы жексенбіде өтетін кездесуінің нәтижесінде екі жақты қарым-қатынастың “стратегиялық негіздерін” айқындап беретін құжат қабылдайды деп үміттенеді. Ресей мен АҚШ президенттері В.Путин мен Дж.Буш 6-ншы сәуір күні Қара теңіздың жағасындағы Сочи курортында кездесуге тиіс. Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков атап көрсеткендей, әлгі құжат екі жақты қарым-қатынастардың ең басты деген барлық проблемасын қамтиды. АҚШ-тың зымырандық шабуылдан қорғану жүйесінің элементтерін Шығыс Еурропаға орналастыру жоспары және Украина мен Грузияның НАТО-ға қосылуы сынды бірқатар мәселенің салдарынан Кремль мен Ақ үйдің арасы біршама салқындаған болатын.
XS
SM
MD
LG