АҚШ президенті Джордж Буш тағы да НАТО-ны Украина мен Грузияны қабылдау процесін бастауға шақырды. Румыниядағы НАТО саммитінің ашылу салтанаты алдында сөйлеген сөзінде Құрама Штаттар президенті, Украина мен Грузия НАТО-ға мүше болуға дайын және НАТО Ресейдің қарсылығына қарамастан, барлық еуропалық елдерге ашық болуы керек деген. Буш сонымен қатар, НАТО мүшелерін Ауғаныстанға қосымша әскер жіберуге шақырды. Және ол Еуропада зымыран қорғанысы жүйесін салу мақсатында қалатынын айтты. Ресей ол жоспарға қарсы шығып келеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық зерттеуі | 2-БӨЛІМ
Дубайдағы Қазақстан. Құқық қорғау органдарының қазіргі және бұрынғы шенділері
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?