Accessibility links

АҚШ-тың бас банкирі экономиканың құлдырап бара жатқанын алғаш рет мойындады


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың Федералдық қор жүйесінің басшысы Бен Бернанке 2008-інші жылдың І-інші тоқсанында Америка экономикасының құлдырауы мүмкін екенін теріске шығармайды. АҚШ Конгресінің алдында сөйлеген сөзінде Бернанке рецессияның, яғни тоқыраудың әбден мүмкін екенін алғаш рет мойындады. Оның пікірінше, қаржылық және ипотекалық дағдарыстың жалғасуы салдарынан жалпы ішкі өнімнің өсуі екіталай, тіпті төмендеуі де ықтимал. Сонымен бірге, деп мәлімдеді АҚШ-тың бас банкирі, үкімет пен Федералдық қор жүйесінің қабылдаған шаралары нәтижесінде ІІ-нші жартыжылдықта АҚШ экономикасы көтерілуге тиіс.
XS
SM
MD
LG