ХАРАРЕ: Зимбабведе президент Р.Мугабе бастаған партия парламенттегі көпшілік дауысынан айрылды. Сайлаудың нәтижесі бойынша, оппозициядағы ірі “Демократиялық өзгерістер үшін” қозғалысы парламенттегі мандаттардың тең жартысына ие болды. Оппозиция, сонымен қатар, өткен сенбідегі парламент сайлауымен қатар өткен президент сайлауында өзінің үміткері Морган Цвангираидің жеңіске жеткенін мәлімдеді. Сайлаудың ресми нәтижесі әлі шыққан жоқ. Соған байланысты оппозиция Зимбабвені 28 жыл бойы билеп келе жатқан Р.Мугабені президент тағында қалдыру үшін сайлаудың нәтижесі бұрмалануы мүмкін деп алаңдайды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Мұстафа Шоқайдың өз үні. Азаттық радиосы елге жеткізген бір мұра
-
"Жаншипа" подкасы
Ашаршылық, соғыс, кәмпескелеу қазақ психикасына қалай әсер етті?
AzattyqTV