29-ыншы жазғы Олимпиада ойындарының алауы Алматыда салтанатпен тұтанған күні өздерін ұлт патриоттары санайтын «Азат» қозғалысының өкілдері көшеде мәлімдеме жасады. Қытай үкіметінің Тибет аймағында елді жазалау шараларына қарсылығын білдіруге жиналған «азаттықтардың» баспасөз мәслихаты белгіленген жерінде өтпей қалды. Оған «Қаламгер» атты баспасөз орталығының қызметкерлері «азаттықтарға» мәжіліс өткізетін залды жалға беруден аяқ астынан бас таруы себеп болыпты.
Бұл жағдай «Азат» қозғалысыың жетекшісі Хасен Қожахмет пен баспасөз орталығы қызметкерлері арасындағы жанжалмен аяқталды. Өз мәлімдемелерін көшеде жасауға мәжбүр болған Хасен Қожахмет бұл жағдайдың саяси астары бар деп отыр.
«Қаламгер» баспасөз орталығының өз аты-жөнін атаудан бас тартқан қызметкері «Азаттық» тілшісімен жеке әңгімеде:
«Азаттықтардың баспасөз мәслихатын өткізбеу туралы жоғарыдан тапсырма түсті. Біз бар болғаны соны орындадық», - дегенді айтты.
Олимпиада алауы Алматыда тұтанған күні мәлімдеме жасап, қоғам назарын аудармақ болған «азаттықтар» Қытай үкіметінен Тибеттегі оқиға кезінде қамауға алынғандарды босатуды талап етеді.
«Әлем жұртшылығын Тибет тәуелсіздігін алмайынша қытай тауарларын сатып алмауға, мемлекет басшылары мен спортшыларды биыл Бейжіңде өтетін Олимпиада ойындарына бойкот жариялауға үндейміз. Қазақстан билігін азаттық үшін күрескен халықтарға қарсы сөйлемеуді, тіпті, қолдауға жарамаса, ең болмағанда үндемей, бейтарап қалуын талап етеміз», - деді Хасен Қожахмет.
Оның бұл айтқандарын «Азаттың» қатарындағы өзгелер де қолдайды.
«Бұл оның қоғамдық ұйым басшысы ретіндегі пікірі. Оны айтуға толық құқығы бар. Тибет халқы бостандығы үшін күресіп жатыр. Қай халық болса да күресуге қақысы бар. Өйткені, ешбір халықты Аллаһ-тағала біреуге бодан болсын деп жаратпаған. Сондықтан қандай империя болса да оларды зорлықпен ұстап тұруға қақысы жоқ. Ал сол үшін күрескен халықты қолдау әркімнің өзінің құқығы», - дейді «Азат» қозғалысының мүшесі саясаткер Жасарал Қуанышәлі.
«Кеше ғана ғасырлар бойы боданда болдық. Бодандықты бастан кешірген халық түсінбесе, кім қолдайды. Тибеттіктер болсын, Косоводағы жағдай болсын – ұлт-азаттық қозғалыстардың барлығын біз қолдауымыз керек», - дейді қазақ ұлтшыл патриоттарының бірі Кенесары Қаптағай.