Accessibility links

Франция қосымша жасақтар жіберетін болған соң Канада да өз әскерлерін Ауғанстанда қалдыратын болды


Францияның бірнеше жүздеген әскерін Ауғанстанға жөнелту туралы шешімі мұндағы әскерлерімізді қалдыруға жол ашып берді дейді Канада. Франция президенті Николя Саркози Ауғанстанға қосымша жасақ жіберетіндігі жайында бүгін Бухарестегі саммитте мәлімдеді. Бұған дейін Канада НАТО одақтастары кемінде 1 мыңдай қосымша күш жібермесе, Ауғанстанның оңтүстік аймағындағы жасақтарымызды алып кетеміз деп ескертіп келген болатын.
XS
SM
MD
LG